Кеңестік кезең саясаты және Қазақстанның тәуелсіздік тарихы

Enviado por Anónimo y clasificado en Química

Escrito el en ruso con un tamaño de 3,93 KB

Кеңестік кезеңдегі солақай саясат пен қасіреттер

  • Ұжымдастыру және Ұлы жұт (1929–1933 жж.):

    • Шешім: 1929 жылғы қарашада БКП(б) ОК пленумы көшпелі қазақ жерлерін тәркілеп, ірі астық шаруашылықтарын құруды қаулы етті (аймақ егінге жарамсыз болса да).

    • Қарқыны: 1930 жылғы 5 қаңтардағы қаулымен Қазақстанда ұжымдастыруды 1931 жылдың күзі немесе 1932 жылдың көктемінде аяқтау бекітілді. Ф. Голощекин Қазақстанның көшпелі ерекшелігін ескермей, отырықшыландыру мен ұжымдастыруды қатар жүргізді.

    • Наразылық: 1929–1931 жылдары Қазақстанда 372 рет шаруалардың қарулы бас көтерулері болды (әскер күшімен басылды).

    • Демографиялық апат: Мал саны 1929 жылы 40,5 млн-нан 1933 жылы 4,5 млн-ға дейін кеміді. Аштықтан 1 млн 798,4 мың адам (халықтың 46,8%-ы) қырылды. 1 млн адам босып кетті. Халық саны 1926 жылғы деңгейіне тек 40 жылдан кейін (1966 ж.) жетті.

  • Зиялыларды қудалау: 1943 жылы «Қазақ КСР тарихы» кітабы жарық көрді. 1947 жылы Е. Бекмахановтың «XIX ғасырдың 20–30 жылдарындағы Қазақстан» монографиясы (Кенесары көтерілісі туралы) ұлтшыл деп айыпталып, ғалым 1952 жылы 25 жылға сотталды (1954 жылы ақталды). Қ. Сәтбаев пен М. Әуезов Мәскеуге кетуге мәжбүр болды.

Қазіргі және Тәуелсіз Қазақстан

  • Экологиялық зардаптар: Экономиканы директивалық жоспарлаудың салдарынан су мен ауа ластанды. Семей, Капустин Яр, Азғыр, Сарышаған полигондарында ядролық сынақтар жасалды. Арал теңізі тартылды, Балқаш алабында металлургия қалдықтары мен ауыр металдар көбейді.

  • Білім беру саласының дамуы:

    • 1993 жылғы 5 қараша: Н. Назарбаевтың қаулысымен халықаралық «Болашақ» стипендиясы құрылды.

    • 2008 жыл: Назарбаев Зияткерлік мектептері (НЗМ) құрылды (сыни ойлау, халықаралық стандарт).

    • 2010 жыл: Назарбаев Университеті ашылды (халықаралық деңгейдегі алғашқы зерттеу университеті).

  • Демография мен миграция: Тәуелсіздік жылдарында ішкі көші-қон (оңтүстіктен Астана мен солтүстікке) күшейді. Этникалық қазақтардың үлесі артып, еуропалық ұлттардың үлесі азайды, бұл ұлттық бірегейлік пен қазақ тілінің рөлін нығайтты.

Entradas relacionadas: