Қазақстан тарихы бойынша сұрақ-жауаптар мен емтихан тесттерінің жинағы

Enviado por Anónimo y clasificado en Química

Escrito el en ruso con un tamaño de 43,47 KB

Ежелгі және ортағасырлық Қазақстан

  • Солтүстік Қазақстан мезолит тұрақтары: Мичурин, Боголюбово, Қызылсу тұрағы, Евгеньевка, Дұзбай, Тельман, Явленка, Виноградовка, Дачная, Селетин, Ерейментау, Екібастұз.
  • «Қыш құмыралар заманы»: Неолит.
  • Беғазы-Дәндібай таралған аймақ: Орталық Қазақстан.
  • Дөңгелек өзектастан (нуклеус) жасау әдісі қай дәуірге жатады: Мустье.
  • Қола дәуіріндегі басым шаруашылық: Мал шаруашылығы.
  • Тасты кесу, жону, жылтырата тегістеу әдістері қалыптасқан кезең: Неолит.
  • Қола дәуіріндегі жерлеу ғұрпының басты сипаты: Өртеу салты, басын батысқа қарату.
  • Қазақстанда ежелгі адамдар мекендей бастаған уақыт: б.з.б. 1 миллион жыл бұрын.
  • Көшпелілік қалыптасқан аймақтар: Үстірт, Торғай, Жем жоталары, Бетпақдала, Балқаш маңы.
  • «Ши цзи» еңбегінің авторы: Сыма Цянь.
  • Ғұндардың өркениетке қосқан үлесін дәлелдеген ғалым: Сыма Цянь.
  • Аң стилі өнерінің кезеңдері: Аң стиліндегі өнер шартты түрде үш кезеңге бөлінеді: көне кезең, өрлеу және құлдырау кезеңдері.
  • Аң стилінің алғашқы кезеңі: б.з.б. VIII–VII ғасырлар.
  • Кир мен Томирис соғысы: б.з.б. 530 жыл.
  • Сақ петроглифтері табылған орын: Таңбалы.
  • Сақ, сармат, үйсін келбеті андроновтықтарға ұқсас екенін дәлелдеген ғалым: О. Смағұлов.
  • Бесшатыр қорымы орналасқан жер: Іле өзенінің оң жақ жағалауындағы Желшалғыр тауы (Шылбыр деген жер).
  • Сақтар туралы мәлімет беретін ежелгі мәтіндер сақталған елдер: Грекия, Парсы елдері.
  • Ерте темір дәуірінің хронологиясы: б.з.б. VIII–III ғасырлар.
  • Грек-парсы соғысында сақтардың одақтасы: Парсылар.
  • «Авестадағы» сақтардың атауы: Жүйрік атты турлар.
  • Берел қорымын алғаш зерттеу: 1865 жылы В. В. Радлов.
  • «Күміс жоқ, алтын көп» деген тарихшы: Страбон.
  • Ежелгі үнді-иран тіліндегі «ратайштар» сөзі: Сақ жауынгерлері.
  • Орталық Қазақстанның ерте темір дәуірі тайпалары: Исседон, аргиппей, қыпшақ.
  • Каспий жағалауындағы сармат тайпасы: Гиркани.
  • Солтүстік Кавказ бен Парфияға жорық жасаған тайпалар: Сармат тайпалары.
  • «Іле аңғарындағы сақтар мен үйсіндердің ертедегі мәдениеті» монографиясының авторлары: К. Ақышев, Г. А. Кушаев.
  • Үйсіндердің Ақтас қыстауы: Сырдарияның оң жағалауында орналасқан.
  • Сәйгүлік мінген адам бейнеленген қапсырма қорымы: Теңлік қорымы.
  • Үйсіндердегі мүлік теңсіздігін дәлелдейтін деректер: Жерлеу орындары.
  • Қаңлылардың археологиялық мәдениеттері: Қауыншы, Отырар-Қаратау, Жетіасар.
  • Қауыншы мәдениетінің орналасқан өңірі: Ташкент оазисі төңірегіндегі аймақтарда.
  • Қаңлылар туралы «Вэсаканың ер жүрек ұлдары...» жазылған кітап: «Авеста».
  • Қаңлылар мәдениеті дамыған өңір: Оңтүстік Қазақстан.
  • Қаңлылардың 20 қаладан тұратын кешені: Жетіасар.

Түрік қағанаттары және орта ғасыр мемлекеттері

  • 704 жылы Жетісудағы билік: Түргеш қағанаты.
  • Батыс Түрік қағанатының өмір сүрген кезеңі: 603–704 жылдар.
  • Түрік-Византия одағы кімге қарсы бағытталды: Иранға (Сасанилерге).
  • Қарлұқ қағанатындағы кең тараған дін: Ислам.
  • Әл-Марвази бойынша қарлұқ тайпаларының құрамы: 9 тайпа (үш жікіл, үш бескіл, бұлақ, көкеркін және тухси).
  • 751 жылғы Атлах шайқасы кімдердің арасында өтті: Қытайлар мен арабтардың арасында.
  • Атлах шайқасының тарихи нәтижесі: Қытай әскері Жетісудан біржолата қуылды.
  • Қағандарға арналып жазылған ең ірі түрік руна ескерткіштері: Орхон-Енисей ескерткіштері.
  • Батыс Түрік қағанаты ерекше күшейген билеушілер: Шегу мен Тон қағандар.
  • Х ғасырдағы оғыз әскербасы лауазымы: Сюбашы.
  • Атабектер тәрбиелеген «инал» атты мұрагерлері болған мемлекет: Оғыз мемлекеті.
  • 965 жылы оғыздар мен Киев Русінің одағы кімдерді жеңді: Хазар қағанатын.
  • Оғыз мемлекетінің өмір сүрген уақыты: IX ғасырдың соңы – XI ғасырдың басы.
  • Оғыз шонжарларының кеңесі: Қаңқаш.
  • Оғыз мемлекетінің күшеюіне зор үлес қосқан билеуші: Шахмәлік.
  • Қимақ тайпаларының басшысы: Шат-түтік, кейіннен Қаған лауазымы.
  • Махмұд Қашғари жазбасы бойынша VI ғасырдағы Сайрам атауы: Испиджаб.
  • Қарахан мемлекетін Хорезмшах құлатқан жыл: 1212 жыл.
  • Қараханда исламды 960 жылы мемлекеттік дін деп жариялаған: Мұса қаған.
  • Түркі тілдес халықтар арасындағы ең көбі: Қыпшақтар.
  • Дешті Қыпшақ аумағы: Алтай тауларынан Дунай өзеніне дейін, Балқаш көлінен Қара теңіздің батыс жағалауына дейін.
  • Әл-Масуди айтқан Ақ және Қара Ертіс өзендері болуы мүмкін: Ембі мен Жайық (Орал) өзендері.
  • Моңғолдардың келуімен пайда болған жаңа этникалық топтар: Маңғыт, барлас, қоңырат.
  • Моңғолдарға Отырар қақпасын ашып берген әскербасы: Қарадша-хаджиб.
  • Ортағасырлық ханның халықтан жинайтын азық-түлік салығы: Тағар.
  • Орыс хан жазалаған тарихи тұлға: Жошы ұрпағы Түй-Қожа.
  • Ақ Орданың Алтын Ордадан дербестенуі: Мүбәрәк қожа және Ерзен хандар тұсында.
  • Барақ ханның басты мақсаты (Ақ Орда): Сыр бойы қалаларын мемлекетке қайтару.
  • Моғолстанның ыдырауы басталған билеуші: Абд ар-Рашид хан.
  • Моғолстан мемлекетінің негізін қалаған бірінші хан: Тоғылық Темір.
  • Әмір Темір мен Тоқтамыстың Терек бойындағы шешуші шайқасы: 1395 жыл.
  • Әбілқайырдың Шығыс Дешті Қыпшақта билік құруы: 1428–1468 жылдар.
  • 1359–1379 жылдары Алтын Ордада ауысқан хандар саны: 20 хан («Ұлы дүрбелең»).
  • Алтын Ордадағы жоғары әскери лауазым: Беклербек.
  • Ноғай Ордасының негізгі аумағы: Еділ мен Жайық аралығы.
  • Алтын Орда, Ақ Орда, Ноғай Ордасының ыдырауы: XV ғасырдың ортасы.
  • Моңғолдардың мемлекеттік жоғарғы кеңесі: Құрылтай.
  • Ақ Орда мемлекетінің құлауы: XV ғасырдың басы.

Қазақ хандығының құрылуы және дамуы

  • Қазақ халқы болып қалыптасу барысын бұзған оқиға: Моңғол шапқыншылығы.
  • Қазақ халқы этникалық қалыптасуының толық аяқталуы: XIV–XV ғасырлар.
  • Қазақ сұлтандарының билей бастағаны туралы маңызды дерек: Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» еңбегі.
  • Дулати бойынша қазақ сұлтандары билігінің басталуы: Хижра бойынша 870 жыл (1465–1466 жж.).
  • Қазақ хандығының құрылған жылы: 1465 жыл.
  • Қазақ хандығының алғашқы аумағы: Шу және Талас өзендері маңы.
  • Керей мен Жәнібекке құшақ жая қарсылықсыз жер берген: Моғолстан билеушісі Есен-бұға.
  • Керей мен Жәнібек маңына көшіп келген халық саны: 200 мың адам.
  • Хан сайланудың басты шарты: Шыңғыс ханның тікелей ұрпағы (төре) болуы.
  • Сайланған ханның мал-мүлкін бөліп алу дәстүрі: Ханталапай.
  • Бүкіл қазақ ұлтының өкілдері жиналған кеңес: Құрылтай.
  • XV ғасырдың соңында Қазақ хандығына енген қалалар: Созақ, Сығанақ.
  • Қазақ хандары мен Шайбанилер арасындағы күрес аймағы: Сырдария өңірінің қалалары үшін.
  • Қазақ-өзбек соғысының нәтижесі: Қазақ хандығы жеңіске жетіп, Ташкентті өз құрамына қосты.
  • XVI ғасырдың басында Сыр бойына билік жүргізуге басты бөгет болған билеуші: Мұхаммед Шайбани.
  • Қасым ханның билік жылдары: 1511–1518 (1521) жылдар.
  • Қасым тұсындағы бастапқы астана: Алғаш Сығанақ қаласы болды, кейін Түркістанға көшірілді.
  • Қасым хан кезіндегі қазақ халқы мен әскер саны: 1 миллион халық, 300 мың әскер.
  • Қасым хан дипломатиялық қатынас орнатқан еуропалық мемлекет: Ресей (Мәскеу мемлекеті).
  • XVI ғасырдың 50–60 жылдары Жетісу жағдайын қиындатқан: Ойраттардың тонаушылық шапқыншылықтары.
  • XVI ғасырда Хақназар тұсында Қазақ хандығына қосылды: Ноғай Ордасының көптеген ұлыстары.
  • Тәуекел хан тұсында күрт шиеленіскен сыртқы қатынас: Қазақ-өзбек қарым-қатынасы.
  • XVII ғасырдың екінші жартысындағы хандық астанасы: Түркістан қаласы.
  • Ерен ерлігі үшін Жәңгір ханға берілген атақ: Салқам Жәңгір.
  • Жәңгір ханның 50 мың жоңғарға қарсы шайқасы: 1643 жылғы Орбұлақ шайқасы.
  • Тәуке ханның сыртқы саясатының басты мақсаты: Көрші мемлекеттермен одақ құру және бейбіт қатынастар орнату.
  • Тәуке хан ел басын біріктіріп құрылтай өткізген жер: Күлтөбе.
  • «Жеті жарғы» заңдар жинағын жасауға қатысқан атақты билер: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.
  • «Жеті жарғыдағы» хан мәртебесі: Барлық ру-тайпалық бірлестіктің жоғарғы басшысы.
  • Қозы жүнін қырқатын күзгі мезгіл атауы: Қозыкүзем.
  • Егіншілікпен шұғылданатын кедей адам: Жатақ.
  • Қазақ хандығының 550 жылдығы атап өтілген жыл: 2015 жыл.

XVIII ғасырдағы Қазақстан: Жоңғар шапқыншылығы және Ресей империясымен байланыс

  • 1710 жылғы Қарақұм жиынының басты мақсаты: Жоңғар шапқыншылығына бірлесіп тойтарыс беру.
  • 1715 жылы Тәуке хан қайтыс болған соң таққа отырған хан: Қайып хан.
  • 1718 жылғы Семей бекінісі: Ертіс шептік бекіністер жүйесі негізінде салынды.
  • 1718 жылғы Аягөз шайқасындағы қолбасшылар: Қабанбай мен Жауғашар батырлар.
  • 1723 жылғы «Ақтабан шұбырынды» оқиғасының себебі: Цин императоры Кансидің өлімінен соң Жоңғарияның батысқа қарай босаған әскерін жұмылдыру мүмкіндігі.
  • Жоңғар соққысынан қатты ойрандалған аймақ: Жетісу жері.
  • 1723 жылы жоңғар шабуылы салдарынан Орта жүз руларының ығысқан жері: Самарқан маңы.
  • 1724–1725 жылдары жоңғарлар басып алған қалалар: Түркістан мен Ташкент.
  • Сарысу бойындағы тарихи шайқас: «Қалмаққырылған» шайқасы.
  • «Қалмаққырылғаннан» кейін барлық қазақ жасақтары жиналған төбе: Ордабасы.
  • 1731 жылы Әбілқайырдың бастамасын қолдап Ресейге ант берген қазақ старшындарының саны: 29 старшын.
  • 1735 жылы Қазақстанға паналап қашқан көтерілісші башқұрттар саны: 50 000 адам.
  • Қалдан Сереннің Қазақ даласына қайта басып кіруі: 1741–1742 жылдар.
  • Абылай сұлтанның жоңғарлар тұтқынына түскен уақыты: 1742 жыл.
  • XVIII ғасыр ортасында билікке таласып, Абылайға паналаған жоңғар нояны: Әмірсана.
  • Цин әскерінің қазақ жеріне қауіп төндіре басып кіруі: Абылай ханның кезеңінде (1756–1757 жж.).
  • Абылай ханның билік жүргізген жылдары: 1771–1781 жылдар.
  • Абылай ханның шын есімі: Әбілмансұр.
  • Е. Пугачевтің Нұралы ханға арнаған манифесі: 1773 жыл 20 қыркүйек.
  • XVIII ғасырда Ресейден әкелінген негізгі сауда тауарлары: Шойын, темір қазан, шұға, қант.

XIX ғасырдағы Қазақстан және ұлт-азаттық күрес

  • 1822 жылғы «Сібір қырғыздары туралы Жарғы» бойынша құрылған сыртқы округтер: Қарқаралы, Көкшетау, Баянауыл, Аягөз, Ақмола, Үшбұлақ, Көкпекті.
  • 1824 жылғы «Орынбор қырғыздарын басқару туралы жарғыны» дайындаушы: П. К. Эссен.
  • Құсмұрын округінің құрылған жылы: 1824 жыл.
  • Тентектөре көтерілісі бағытталды: Қоқан хандығының езгісіне қарсы.
  • Исатай Тайманұлының ақырғы шайқасы: 1838 жылы Ақбұлақ өзені жағасында.
  • 1848–1849 жылдардағы Арал теңізін зерттеу экспедициясын басқарған: А. И. Бутаков.
  • Арал өңіріндегі азаттық күресті басқарған халық батыры: Жанқожа Нұрмұхамедұлы.
  • Есет Көтібарұлы бастаған көтеріліс: 1853–1858 (1854) жылдар.
  • Шоқан Уәлихановтың Қашқарияға жасаған сапары: 1858–1859 жылдар.
  • Шоқанды «қазақтардың Геродоты» деп бағалаған зерттеуші: А. И. Левшин.
  • XIX ғасырдың 60-жылдары халық саны туралы дерек қалдырған: А. И. Левшин.
  • А. Вамберидің қазақтар мен Орта Азия туралы белгілі еңбегі: «Орта Азияға саяхат».
  • 1867 жылғы 11 шілдеде II Александр бекіткен ереже: Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы уақытша ереже.
  • 1868 жылғы 21 қазандағы патша бекіткен реформа: Торғай, Орал, Ақмола және Семей облыстарын басқару туралы ереже.
  • 1867–1868 жылдардағы реформа бойынша түтін салығының мөлшері: Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлығында – 3 сом; Түркістан генерал-губернаторлығында – 2 сом 75 тиын.
  • 1869 жылы граф Борх отряды негізін қалаған бекініс: Ақтөбе бекінісі.
  • XIX ғасырдың екінші жартысындағы Орал және Торғай көтерілістерінің себептері: 1867–1868 жылдардағы отаршылдық ережелерге және салықтық езгіге қарсылық.
  • 1870–1882 жылдары Ташкентте шығып тұрған алғашқы мерзімді басылым: «Түркістан уалаятының газеті».
  • 1886 жылғы 2 маусымда бекітілген басқару ережесі: Түркістан өлкесін басқару және онда жер, салық өзгерістерін енгізу туралы.
  • 1891 жылғы 25 наурызда қабылданған ереже: Ақмола, Семей, Жетісу, Торғай және Орал облыстарын басқару туралы жаңа ереже.
  • 1896–1903 жылдары Далалық өлкені зерттеген ауқымды статистикалық экспедиция: Ф. А. Щербина экспедициясы.
  • «Қазақстан XIX ғасырдың 20–40 жылдарында» монографиясының авторы: Е. Б. Бекмаханов.
  • Майор И. М. Лихарев отряды негізін қалаған бекініс: Өскемен бекінісі (1720 ж.).

XX ғасырдың басы және Алаш қозғалысы

  • 1896 жылы Атбасарда құрылған А. Д. Ушаковтың үйірмесі: Маркстік үйірме.
  • 1903 жылы тұңғыш саяси ереуіл өткен қала: Орал.
  • 1904 жылы В. В. Куйбышев маркстік үйірме ұйымдастырған орталық: Көкшетау.
  • 1905–1907 жылдары алғашқы кәсіподақ ұйымы құрылған қала: Орал.
  • 1905 жылы Нижний Новгородта құрылған қоғамдық ұйым: Бүкілресейлік мұсылмандар одағы.
  • 1905 жылы Оралда конституциялық-демократиялық (кадет) бөлімшесін құрған қайраткерлер: Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов.
  • 1905 жылғы интернационалдық сипат алған саяси демонстрация орындары: Успен (Нілді) кеніші мен Перовск қаласы.
  • 1905 жылғы қарашада Семей қаласындағы үлкен наразылық: Пошта-телеграф қызметкерлерінің саяси ереуілі.
  • 1906 жылы Орынбор–Ташкент бағытында пайда болған: Теміржолшылардың алғашқы кәсіподақ ұйымы.
  • 1906 жылы Успен кенішінде құрылған жұмысшы ұйымы: Орыс-қазақ одағы.
  • 1907 жылы «Орыстарға қырғыздардан» үндеуін жариялаған газеттер: «Оренбургский край», «Уральский дневник».
  • 1907 жылы бар болғаны 103 күн қызмет еткен заң шығарушы орган: Ресей империясының ІІ Мемлекеттік Думасы.
  • Ақмола мен Семейдегі саяси қозғалыстарды жазалауға жіберілген патша генералы: Меллер-Закомельский.
  • Қарқаралы петициясының негізгі талаптары: Қазақтан тартып алынған жерлерді қайтару, қоныс аудару саясатын тоқтату, дін және ана тілі бостандығы.
  • Қарқаралы петициясын ұйымдастырушы көшбасшылар: Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Ж. Ақбаев.
  • I Мемлекеттік Думаға сайланған қазақ депутаттары: А. Бірімжанов (Торғай), А. Қалменов (Орал), Ә. Бөкейханов (Семей), Ш. Қосшығұлов (Ақмола), С. Жантөрин (Уфа губерниясы).
  • І Думада А. Бірімжанов көтерген өзекті мәселе: Қазақ депутаттарын аграрлық комиссия құрамына енгізу.
  • I Мемлекеттік Дума таратылған соң қабылданған саяси құжат: «Выборг үндеуі» (Ә. Бөкейханов қол қойған).
  • II Мемлекеттік Дума мінберінен патша үкіметінің отарлық қоныстандыру саясатын ашық сынаған заңгер: Б. Қаратаев.
  • 1913–1918 жылдары жарық көрген ұлттық басылым: «Қазақ» газеті (редакторы А. Байтұрсынов, таралымы 8 мыңға дейін жетті).
  • «Семипалатинский листок» басылымының редакторы: Н. Я. Коншин.
  • Семейдегі кадет партиясының жергілікті органы: «Свободная речь» газеті.
  • 1916 жылы жарық көрген қолжазбалық басылымдар: Б. Майлин мен Ж. Тілепбергеновтің «Садақ» журналы.
  • 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің шығу себебі: 1916 жылғы 25 маусымдағы патшаның майданның тыл жұмыстарына ер-азаматтарды алу жөніндегі жарлығы.
  • Тыл жұмыстарына қазақтарды алу жоспары: 240 мыңға жуық адам.
  • 1916 жылғы Қарқара көтерілісінің құрбан болған басшылары: Жәмеңке Мәмбетов пен Ұзақ Саурықов.
  • 1916 жылғы Жетісуда қазақтар жағына шыққан орыс шаруасы: Е. Курев.
  • А. Имановтың мергендер тобын басқарған дала мергені: Кейкі батыр.
  • Әулиеатада Т. Рысқұлов құрған жастар бірлестігі: «Қазақ жастарының революциялық одағы».
  • «Жер өңдеушілерге берілсін» деген ұран тастаған партия: Эсерлер партиясы.
  • 1917 жылдың 14 наурызындағы шешім: Тыл жұмыстарына бұратана халықтардан адам тарту тоқтатылды.
  • 1917 жылы наурызда Ташкентте құрылған ұйым: «Шура-и-Ислами».
  • «Шура-и-Ислами» ұйымынан бөлініп шыққан діни партия: «Шура-и-Улема» (жетекшісі Серәлі Лапин).
  • Бірінші Жалпықазақ съезі: 1917 жыл 21–26 шілдеде Орынбор қаласында өтті.
  • «Үш жүз» саяси партиясының жетекшілері: Көлбай Тоғысов, Мұқан Айтпенов, Шәймерден Әлжанов, Әбілқайыр Досов.
  • Түркістан автономиясының үкімет басшылары: Мұхамеджан Тынышбаев, кейін Мұстафа Шоқай.
  • «Жас Түркістан» журналының эмиграциядағы жетекшісі: Мұстафа Шоқай.
  • Алашорда үкіметінің Төрағасы: Әлихан Бөкейханов (1937 ж. қуғын-сүргін құрбаны болды).
  • Алашорданың батыс бөлімшесінің орталығы және жетекшісі: Жымпиты елді мекені; Жаһанша Досмұхамедов.
  • Алғашқы Алаш милициясы отрядының құрылуы: 1918 жылы қаңтар-ақпан айларында Верный қаласында.

Кеңестік кезең және Қазақ КСР

  • ІІ Бүкілресейлік Кеңестер съезі қабылданған уақыт пен декреттер: 1917 жыл 26 қазан (Петроград); «Бейбітшілік туралы» және «Жер туралы» декреттер.
  • Қазревкомның (1919 ж.) негізгі міндеті: Өлкеде кеңес үкіметін орнату, мемлекеттік құрылысты қалыптастыру.
  • 1920 жылғы 4 қазандағы мемлекеттік негізді бекіткен құжат: Қазақ АКСР-і еңбекшілері құқықтарының Декларациясы.
  • Қазақ АКСР ОАК алғашқы төрағасы: С. Меңдешев.
  • А. Байтұрсынұлы мен М. Сералин шекарасын Қазақстанға қосуды дәлелдеген аймақтар: Қостанай, Ақмола, Қарағанды өңірлері.
  • 1921 жылы Қазақ АКСР-і құрамына қайтарылған облыстар: Ақмола және Семей облыстары.
  • 1921 жылғы аштық қатты жайлаған губерниялар: Орынбор, Ақтөбе, Бөкей, Орал және Қостанай.
  • 1923 жылы құрылған «Талап» қоғамының қызметі: Қазақ әдеби тілінің терминологиясы мен емлесін жетілдіру, ұлттық мәдениетті зерттеу.
  • Ірі бай шаруашылықтары мен малдарын тәркілеуге (1928 ж.) басшылық еткен комиссия төрағасы: Е. Ерназаров.
  • Индустрияландыру жылдары Қазақстанның тек шикізат базасы болуына қарсы шыққан: Смағұл Сәдуақасов.
  • 1929 жылдан басталған жалпыодақтық жоспар: Алғашқы бесжылдық жоспары.
  • 1933 жылы Қазақ өлкелік партия комитетінің 1-хатшысы болып тағайындалған: Левон Мирзоян.
  • 1939 жылы КСРО мысының 51%-ын өндірген алып өндіріс: Балқаш мыс балқыту зауыты.
  • Соғыс қарсаңында республика көмірінің 90%-ын берген өңір: Қарағанды көмір алабы.
  • «АЛЖИР» лагерінің тарихи қызметі: Отан сатқындары әйелдерінің Ақмола лагері.

Ұлы Отан соғысы жылдары (1941–1945 жж.)

  • Майданға аттанған қазақстандық жауынгерлердің жалпы саны: 1 миллион 200 мың адам.
  • ҰОС кезінде еңбек армиясына жұмылдырылғандар: 700 мыңға жуық адам.
  • 1942 жылғы 28 шілдедегі И. В. Сталиннің №227 бұйрығы: «Бір қадам да кейін шегінбеу!».
  • 1942 жылы ұшағын жау танкілерінің легіне бағыттап өшпес ерлік көрсеткен қарағандылық ұшқыш: Нұркен Әбдіров.
  • 316-атқыштар дивизиясы құрамындағы 1073-батальонды шебер басқарған қас батыр: Бауыржан Момышұлы.
  • Ақтөбе қаласында жасақталған әскери құрамалар: 312-атқыштар дивизиясы (командирі А. Ф. Наумов), 101-атқыштар бригадасы (командирі С. Я. Яковленко).
  • Казачиха деревнясы түбінде қаһармандықпен қаза тапқан мерген қыз: Әлия Молдағұлова.
  • Днепр шайқасындағы ең жас Кеңес Одағының Батыры: Жәнібек Елеусізов.
  • Кеңес Одағының екі мәрте Батыры атағын алған ұшқыштар: Т. Бигелдинов, Л. Беда, С. Луганский, И. Павлов.
  • Ленинград қоршауындағы Ладога көлі арқылы өткен жол: «Өмір жолы».
  • 1943 жылы тарихшы ғалымдар тобы бірігіп жазған академиялық іргелі еңбек: «Қазақ КСР тарихы».
  • 1943 жылы майдан мұқтажы үшін пайдалануға берілген өнеркәсіп: Ақтөбе ферроқорытпа зауыты.
  • Соғыс жылдары жарық көрген Мұхтар Әуезовтің классикалық туындысы: «Абай» роман-эпопеясының 1-кітабы.
  • 1943 жылы КСРО Ғылым Академиясының Қазақ филиалын басқарған: Қаныш Сәтбаев.
  • 1945 жылдың қазанында қабылданған тарихи қаулы: Қазақ КСР Ғылым академиясын құру туралы шешім (1946 ж. ашылды).

Соғыстан кейінгі кезең және қайта құру жылдары

  • Тарихшы Ермұхан Бекмахановқа 1952 жылы тағылған үкім: Кенесары қозғалысын зерттегені үшін 25 жылға түзету лагеріне сотталды.
  • Көзқарасы ресми ғылымға жат деп айыпталған академик-археолог: Әлкей Марғұлан.
  • 1954 жылғы Жезқазғандағы саяси тұтқындар наразылығы: Кеңгір көтерілісі.
  • 1950 жылдардың ортасында салынған ғарыш кешені: Байқоңыр ғарыш айлағы.
  • 1954 жылдан бастап Солтүстік Қазақстанның демографиясын өзгерткен оқиға: Тың және тыңайған жерлерді игеру.
  • Семей ядролық полигонында жасалған жарылыстар саны (1949–1989 жж.): 468 (478) сынақ.
  • Азғыр полигонындағы жерасты жарылыстары (1966–1979 жж.): 17 ядролық сынақ.
  • «Жылымық жылдары» атауы кімнің басшылығына қатысты: Н. С. Хрущев.
  • 1986 жылғы 16–18 желтоқсандағы жастар шеруін күшпен басудың құпия жоспары: «Құйын-1986» («Метель-1986») операциясы.
  • 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінде қанды бұйрықтар берген ІІМ басшысы: Г. Князев.
  • 1988 жылы ресми ақталған ұлы ойшыл әрі ақын: Шәкәрім Құдайбердіұлы.

Тәуелсіз Қазақстан

  • 1991 жылғы 8 желтоқсандағы құжат: ТМД-ны құру жөніндегі Беловеж келісімі.
  • 1991 жылғы Қазақстан мен Қытай арасындағы шекаралық теміржол өткелі: «Достық – Алашанькоу».
  • Қазақстанның шет елде ашылған тұңғыш елшілігі: Түркия Республикасындағы елшілік.
  • 1992 жылғы 2 наурыздағы аса маңызды оқиға: Қазақстан Республикасының БҰҰ толыққанды мүшесі болып қабылдануы.
  • 1992 жылғы 23 мамырдағы халықаралық міндеттеме: Лиссабон хаттамасына қол қойып, ядролық қарудан бас тарту.
  • 1992 жылғы БҰҰ мінберінен көтерілген бейбіт бастама: Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесті (АӨСШК) шақыру.
  • НАТО-ның «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» бағдарламасына Қазақстанның қосылуы: 1994 жыл.
  • 1995 жылғы Конституция бойынша Қазақстанның қос палаталы жоғары өкілдік органы: Парламент (Сенат және Мәжіліс).
  • 1997 жылдың ресми атауы: «Жалпыұлттық татулық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы».
  • Қазақстанның Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекарасының ұзындығы: 7591 шақырымға жуық.
  • Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасының жалпы ұзындығы: 1782 шақырым.
  • Түркі әлемінің мәдениетін насихаттайтын халықаралық ұйым: ТҮРКСОЙ (TÜRKSOY).
  • 2000 жылы Астанада құрылған интеграциялық одақ: Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастық (ЕурАзЭҚ).
  • 2001 жылы негізі қаланған беделді аймақтық ұйым: Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ).
  • Шетелдегі қазақтардың тарихи Отанына көшіп келуін қолдайтын бағдарлама: «Нұрлы көш» мемлекеттік бағдарламасы (2009–2011 жж.).
  • 2010 жылғы Қазақстанның халықаралық жетістігі: ЕҚЫҰ-ға (Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы) төрағалық ету және Астана Саммитін өткізу.
  • 2011 жылы Қазақстан басшылық еткен ислам әлемі ұйымы: Ислам Ынтымақтастық Ұйымы (ИЫҰ).
  • 2017 жылғы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ұраны: «Болашақтың энергиясы» (Future Energy).
  • Қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру туралы жарлық: 2017 жылғы 26 қазан.
  • ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген нысандар: Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Таңбалы тас петроглифтері, Сарыарқа – Солтүстік Қазақстан даласы мен көлдері, Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар, Батыс Тянь-Шань.
  • 2019 жылдың ресми жарияланған атауы: «Жастар жылы».
  • Елімізде соңғы жүргізілген Ұлттық халық санағы: 2021 жыл.

Entradas relacionadas: